Астана мен Вашингтон стратегиялық ынтымақтастық бойынша кеңейтілген диалог өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бірінші орынбасары 8-12 желтоқсан күндері Астанада болады. Осы күндері Астана мен Вашингтон стратегиялық ынтымақтастық бойынша кеңейтілген диалог өткізеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА АҚШ мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, Уэллстен тыс, Қазақстан астанасына АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің, USAID және Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының өкілдерінен құралған делегация да келеді.

Сапар аясында жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау, лаңкестікке қарсы ынтымақтастық, экономикалық және сауда келісімдері, C5+1 бастамалары, адам құқықтары және құқық, сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланады.

Айта кетейік,бұл  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға сапарынан кейін өткелі отырған Кеңейтілген стратегиялық серіктестік диалогы аясындағы алғашқы ресми кездесу. Елбасының сол жолғы сапарында АҚШ пен Қазақстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейтудің нақты жоспары белгіленген еді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз релизінде Вашингтон өзара қауіпсіздік және Америка және Қазақстан халықтарының гүлденуіне қолғабыс ету мақсатында Астанамен қарым-қатынастарын нығайтуды көздеп отырғаны айтылған.

Соңғы жаңалықтар