Астана мен Торонто бауырлас қалалар болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл елорда экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорда экономикасы үшін жеке инвестиция тартудың маңызы зор. Бірінші кезекте қала мен тұрғындарға қажет жобалар қарастырылып жатыр. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Ал 2021-2022 жылдары – 2 триллион 300 млрд теңгеден астам. Канаданың сенаторлары Жан-Ги Джэнэмен, Виктором Оумен, ҚР-дағы Канада Елшілігінің бірінші хатшысы Кэролл Паррмен өткен кездесуде Астана мен Торонто арасында әріптестік қарым-қатынас орнату; білім беру, туризм, экономика, мәдениет және басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, кездесуде сонымен қатар Канада кәсіпкерлерімен елордада сұйытылған газ өндіру зауыты секілді өзге де кәсіпорындар ашу мәселесі де сөз болған.

Екі ел арасындағы бірлескен ынтымақтастық өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға мүмкіндік береді.


Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Соңғы жаңалықтар