Астана мен Ташкент хоккей мектептері меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада шайбалы хоккейден №10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Бинокор» хоккей клубының (Ташкент) арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меморандумға қол қою барысында «Барыс» спорт кешенінің мұз айдынында Қазақстан мен Өзбекстанның бас қалаларының хоккей мектептерінің шәкірттері достық кездесу өткізді.null

«Құжатта ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты дамыту, спорттық ғылым және медицина, спорттық технологиялар және спорттағы инфрақұрылым, спортта допинг қолдану, спорттық тәрбие саласындағы әдістеме, спортшылардың ауысуы және трансферлік саясат, спорттық менеджмент және т.б. салаларда өзара қызығушылық танытатын бағдарлама, тәжірибе және ақпарат алмасу мәселелері қарастырылған», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар