Астана мен тағы бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның сегіз өңірінде екінші ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 қаңтар күні қолайсыз ауа райына байланысты Астана қаласында екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қостанай облысының Рудный қаласында, Амангелді, Қостанай, Жітіқара, Жангелдин, Қарасу, Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Федоров аудандарында және облыс орталығында 0-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында, Абай облысының Семей қаласында, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында да екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждің 1,2 курс студенттері үйден білім алады.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое және Күршім аудандарында және Павлодар қаласында 0-11 сынып оқушылары, Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең 8 өңірде оқушылар ауа райына байланысты мектепке барған жоқ.


Соңғы жаңалықтар