Астана мен Өскеменнің арасындағы жол қысқарады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындары алдында берген есебінде Шар арқылы Өскеменнен Астанаға жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызын қайта қалпына келтіру жөніндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАөпарат тілшісі.

Өскеменнен Астанаға қатынайтын аталмыш пойыз осыдан бір жыл бұрын тоқтап қалған болатын. Шар арқылы Астанаға 17 сағатта барып жүрген ШҚО тұрғындары қазір Ресейдің Локоть станциясы арқылы тәуліктен астам жол жүруге мәжбүр.

2018 жылдың қазан айында ШҚО әкімі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Өскемен-Астана бағытындағы теміржол қозғалысын қайта реттеуді өтініп, хат жолдауды тапсырған еді. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов аталмыш мәселені шешу жолдарын қарастыру үстінде екенін айтқан болатын.

Кездесуде өңір басшысы мәселенің жақын күндері толығымен шешілетінін, қазіргі уақытта алдын ала келіссөздер жасалып қойғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар