«Астана» мен «Қайраттың» УЕФА рейтингіндегі орны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы еурокубок ойындарының соңғы матчтарынан кейін УЕФА-ның ресми сайты клубтар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тізімді «Бавария» (122.000 ұпай), «Барселона» (116,000) және «Ювентус» (113,000) бастап тұр.

Қазақстандық клубтар арасында ең үздігі - «Астана», 63-орын (22,500).

Сондай-ақ рейтингіге «Қайрат» енді (6,000) — 191-орын.

Еске салайық, рейтинг еурокубоктардың соңғы 5 маусымындағы нәтижелері бойынша түзіледі.

Көш басындағы ТОП-10 клуб:

1. «Бавария» — 122.000 ұпай

2. «Барселона» — 116,000

3. «Ювентус» — 113,000

4. «Реал» — 112,000

5. «Атлетико» — 110,000

6. «Манчестер Сити» — 105,000

7. ПСЖ — 101,000

8. «Манчестер Юнайтед» — 97,000

9. «Севилья» — 92,000

10. «Ливерпуль» — 90,000


Соңғы жаңалықтар