Астана мен еліміздің 6 қаласында ауаның ластануы күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 15 қараша күні Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақтау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады.

Ал Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Талдықорған және Оралда ауаның ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар