Астана мен бірқатар өңірде екінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары сабақты онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау және Ақтөбе облыстарында 10-11 қаңтар - екі күн бойы оқушылардың үйде қалатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, бүгін Астана қаласында екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сонымен қатар Абай облысының Семей қаласында және Ақмола облысының орталығы Көкшетауда 10 қаңтар күні екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн оқиды.

Батыс Қазақстанның Орал қаласында, Ұлытау облысы мен Павлодарда да 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Сондай-ақ Шымкент қаласында 1-8 сынып оқушылары осы сейсенбі мен сәрсенбіде үйден білім алатын болды.


Соңғы жаңалықтар