Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесіп, халықаралық әуе қатынасын одан әрі қалпына келтіру жұмысы шеңберінде Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана – Бейжің бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі) ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-321 LR типті әуе кемелерінде орындалады.

Сонымен қатар, 13 ақпаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы және Бейжің қалалары арасындағы рейстерді 1 рейстен (дүйсенбі) аптасына 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Көктемгі-жазғы навигация кезеңде аптасына 5-тен 7 рейске дейін кезең-кезеңімен одан әрі ұлғайтады.

Рейс А-321 типті әуе кемелерінде орындалады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстерінің ұлғаюы екі дос ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізілген 14 күндік визасыз режимді толыққанды пайдалануға ықпал етеді.


Соңғы жаңалықтар