Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Сербия арасында тіркелей рейстер үшін құқықтық база орнатылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«Сербия Республикасының президенті Александр Вучичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында сәйкес меморандумға қол қою арқылы екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасы үшін құқықтық база құрылды. Тараптардың әуе компанияларына Астана мен Белград арасында аптасына 7 рет рейс жасауға рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Әуе көлігі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Сербия Республиасының құрылыс, көлік және инфрақұрылымдар министрі - премьер-министрдің орынбасары Зоран Михайлович қол қойды.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті жаңа рейстерді ашуға жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар