Астана мен Алматыда тіркеуге тұрудың ерекше тәртібін енгізу қажет - Ішкі істер министрлігі

None
None
А. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Астана мен Алматы қалаларында адамдардың тіркеуге тұруының ерекше тәртібін енгізуді ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз көші-қонмен күрес мәселесіне тоқталған министр, «Астана мен Алматыда тіркеуге тұрудың тәртібін қарастырып, енгізу керек. Атап айтқанда, Алматыда әрбір екінші қылмысты сырттан келген адамдар жасайды», деді.

С. Баймағанбетовтың сөзіне қарағанда осы үлкен қалаларда кейде бір бөлмелі пәтерде 40 пен 50-ге дейін адамдар тіркеледі. Яғни, заңды түрде оларда мұндай мүмкіндік бар және олар солай тіркеліп отыр. Министр бірақ осылай тіркеліп отырғандардың кей жағдайда қылмыс жасауға бейім адамдар екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар