Астана мен Алматыда коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен бір тәулікте коронавирустың расталған 5 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, індетті Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында 4 адам жұқтырды.

Сондай-ақ 1 маусымдағы тәулік ішінде қауіпті инфекциядан Алматы және Алматы облыстарында 4 адам жазылып шықты.

Еске салайық, 31 мамыр күнгі бір тәулікте елімізде коронавирустың 5 жағдайы тіркелген болатын: Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Алматы қаласында – 2 адам. Жазылды - 9 науқас.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 760 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 292 019 науқас сырқатынан айықты.


Соңғы жаңалықтар