Астана мен Алматыда Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі, 24 маусым күні республиканың барлық өңірлерінде Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада іс-шаралар сағат 10-00-де астаналық саябақта басталады. Оған танымал қазақстандық атлеттер, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерелері қатысады.

Алматылықтар Олимпиада мерекесін дәстүрлі веложарыс ұйымдастырып атап өтеді. Бұл шара «Нұрлы Тау» бизнес- орталығының жанында сағат 9-00-де басталады.

Жарысқа қатысушылар мәреге жеткенде түрлі спорттық қойылымдар ұйымдастырылп, жарыстар өтеді.

Соңғы жаңалықтар