Астана мен Ақмола облысында неге интернет болмай қалғаны белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана мен Ақмола облысының интернет-шлюздегі электрмен жабдықтау құрылғысында апат болып, телекоммуникациялық құрылғының жұмысында кідіріс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік техникалық қызмет мекемесіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты құрылғылар резервтегі қуат көздеріне ауыстырылды. Электр жүйесіндегі кідіріс жүйенің жұмысына әсер еткен жоқ, алайда Астана қаласы мен Ақмола облысында интернет біршама болмай қалды.

Қазіргі таңдабарлық құрылғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар