Астана мен Ақмола облысында бұршақ жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 маусым күні кешкі сағат тоғыздан 15 маусым күнгі сағат 21-ге дейін Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Жұма күні күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада 15 маусым күні найзағай жарқылдауы мүмкін, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады.

Соңғы жаңалықтар