Астана мен 3 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 27 наурыз күнді бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының тау асуларында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында қалың тұман болады.


Соңғы жаңалықтар