Астана мен 2 облыста ауа райы бұзылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Атырау және Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

9 тамыз күні Атырау облысының кей аумақтарында күн күркіреп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

9 тамызда Атырау қаласында да күн күркіреуі мүмкін.

Дауыл соғу қаупі - 80-85%.

9 тамыз күні Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

Елордада тамыздың 10 күні күндіз және 11 күні тәулік бойы найзағай, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын найзағай мен бұршақ жауғанда қауіпсіздік шараларын қарастыруын сұрайды.

«Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше  ауа-райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан,   сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр; 

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз; Найзағай мен қатты нөсер жолдың көруіне кедергі болып, найзағай жүргізушіге әсер етіп жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында суға шомылуға және балық аулауға болмайды;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағай болуы мүмкін.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», -  делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар