Астана мектептерінде ата-аналардан тұратын белсенділер тобы жасақталмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналардан тұратын белсенділер тобын құруды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«Ата-аналар қауымдастығымен бірлесе отырып, елордалық білім ұйымдарында ашықтық саясатын орнату, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысу, сонымен қатар балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығын іске асыру мақсатында ата-аналардан тұратын белсенділер тобын құруды жоспарлауда», - делінген хабарламада .

Құрылған топ мектептерді жаңа оқу жылы қарсаңында қабылдайтын комиссияның құрамына кіріп (яғни ғимараттың оқу жылына қаншалықты дайын екендігін тексеру мақсатында), сондай-ақ колледждерге құжаттарды қабылдау барысында байқаушы ретінде қатысуға мүмкіндік алады.

Келешекте осы тізімдегі ата-аналардың қалалық тамақтану сапасын бақылау комиссиясы құрамына енуі жоспарланып отыр.

Білім басқармасы аталмыш топ құрамына кіруге қызығушылық танытқан ата-аналардан 11 тамызға дейін өтініш қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар