Астана мектептері үшінші тоқсанда қалай оқып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мектептерінде пәндердің 70% - дәстүрлі, 30% - қашықтан оқытылады. Бұл жайында елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу жылының ең ұзақ тоқсаны – ІІІ тоқсан да аяқталуға жақын. Қазір ІІІ тоқсанның ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Өздеріңізге белгілі, 1 наурыздан бастап 1-5 сыныптардың, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сыныптарының білім алушылары үшін аралас форматта оқыту ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 1-5 сынып оқушыларының 85 575-і, яғни 88% офлайн режимде оқып жүр. Ал бітіруші 9, 11, 12 сыныптар оқуды аралас форматта жалғастырады. Пәндердің 70% - дәстүрлі, 30% - қашықтан оқытылады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова.

Оның айтуынша, бұл ретте барлық санитарлық талаптар сақталады.

«1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып 25 баладан аспай, ал халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін сыныпта 15 баладан аспай отырғызылады. Сабақтардың икемді кестесін, ауысымдардың көбеюін, сабақ арасындағы үзілістерді мектептердің қамқоршылық кеңесі келіскен. Созылмалы арулары бар, сондай-ақ науқаспен байланыста болған 3660 оқушы ата-анасының өтініші бойынша онлайн білім алуда. 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары қашықтан оқуды жалғастырып жатыр. Барлық мектептерде мектепке кіреберісте дезинфекциялық туннельдер, қашықтық жайлы белгілер орнатылған. Дезинфекциялық құралдар сатып алынды, квартцталып отыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада оқу жылы басталғалы елордада 89 мектеп карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар