Астана мектептері 5 күндік оқу жүйесіне толық көшкен жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы білім басқармасы қала мектептерінің 5 күндік сабақ кестесіне не үшін бірдей көшпеу жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 күндік оқу аптасына көшу бойынша тапсырма келді. Біз өз тарапымыздан барлық мектептерді осы режимге мүмкіндігінше ауыртпалықсыз аударуға тырыстық. Бірақ бүгінгі таңда әлі де кемшіліктер бар екені рас», - деп жазады Астана қаласы білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова Фейсбуктегі парақшасында.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда 84 мектептен 71 мектеп 5 күндік оқытуға ауысты. Мұнда кейбір жайттар бар - егер мектеп жалпы білім беру мектебі болса, онда ол 1-ден 11-ші сыныпқа дейін 5 күндік мерзімге көшті. Егер мектеп инновациялық болса, онда тек 1-4 сыныптар толық 5 күндік кезеңге ауыстырылады, ал басқа сыныптар 5 күн сабақ өтіп, сенбіде оларда вариативті, яғни таңдау бойынша пәндер мен қосымша сабақтар жүргізіледі. 10 мектепте (5,13,14,24,27,31,40,74,75,57) үш ауысымдық режим орын алғандықтан, 5 күндік режимге өту әзірше мүмкін емес. Сондай-ақ, Зерде мектебі мен екі БИЛ 5 күндік мектепке ауыстырылмайды. Себебі оларда 1-4 сыныптар жоқ. 40 минуттан өтетін 7-8 сабақ былтырғы 45 минуттан өтетін 5-6 сабақпен уақыттары сәйкес.

Соңғы жаңалықтар