Астана масамен күрестің тың тәсілін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қансорғыш жәндікпен күрестің инновациялық құралы пайдаланыла бастады. Бұл туралы Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есіл өзенінің жағалауы тек тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге беймаза масалар үшін де сүйікті орынға айналған. Біз олармен белсенді әрі табысты күресіп жатырмыз. Жәндіктермен күрестің дәстүрлі әдістерінен бөлек біз оларды жоятын инновациялық құралдарды қолданайық деп шештік. Ілкі режімде масаларды жоятын жаңа электр жойғышты іске қостық», - деді аудан әкімі.

Оның жазуынша, алюминий профилден құрастырылған құрылғы сыртқы кез келген фактордан мықты қорғалған, ішінде микрокомпьютер бар. Ол құрылғыны толықтай реттеп отырады.  Құрылғының ультракүлгін жарығы қосылған кезде ауада көмірқышқыл газы пайда болады. Осылайша аталған құрылғы жәндіктер үшін адамның иісін сездіреді. Заманауи әрі тиімді саналып отырған құрылғының қоршаған ортаға еш кері әсері жоқ.

null 

«Әдетте тәуліктің кешкі және түнгі уақытында масалар өте белсенді болады. аппаратта уақытты реттеуге арналған арнайы жарық датчигі бар. Ол қараңғы түскен кезде автоматты түрде іске қосылып, таң атқан кезде бірден өшеді. Аталған аппараттың әрекет етуі аясы 4 гектарды құрайды. Мұндай алғашқы аппаратты бағалауда орнатып, сынақтан өткізетін боламыз және тұрғындардан пікір күтеміз. Егер құрылғы өзінің оң нәтижесін көрсететін болса, онда аудандағы сабақтар мен гүлзарларға да орнатуды бастаймыз», - деді Арман Тұрлыбек.

Соңғы жаңалықтар