Astana Marathon 2019-ға байланысты 55 автобустың жүру кестесіне өзгеріс енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Astana Marathon 2019 шарасының өткізілуіне байланысты 8 қыркүйек күні сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін белгілі бір көшелерде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» сайтына сілтеме жасап.

«55 маршруттың жүру кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі (№№ 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321). Сондай-ақ, қоғамдық көліктің қозғалысы 10 маршрутта уақытша тоқтатылады (№№ 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107)», - делінген хабарламада.

Astana LRT өкілдері елордалықтарға өзгертілген кестемен алдын ала танысуға кеңес береді. Қоғамдық көліктің аталмыш бағдарлар бойынша қозғалысы көшелер ашылған соң қайта қалпына келетін болады.




Соңғы жаңалықтар