«Astana Marathon – 2019»: Ерлер арасында өзбекстандық желаяқ үздік атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 елден 5 мыңнан астам адам қатысқан «Astana Marathon – 2019» халықаралық марафоны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жарысқа Аустралия, Аустрия, Бельгия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Түркия, Украина, БАӘ, Эфиопия, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекстан, сондай-ақ еліміздің 38 қаласынан желаяқтар қатысты.

Сонымен ерлер арасында 42,2 шақырымдық айтулы бәсекенің жеңімпазы ɵзбекстандық желаяқ Зiкiролла Мамагулов атанды. Оның көрсеткіші 2 сағат 26 минут 10 секунд.

Екінші болып мәре сызығын 2 сағат 26 минут 53 секундта Владислав Мамедов кесті.

Үздік үштік төрінен Олег Байтуканов көрінді. Оның нәтижесі 2 сағат 28 минут 3 секунд.

Жеңімпаз желаяқтарға иеленген орындарына қарай 1 млн, 500 мың және 250 мың теңгенің сыйақы сертификаттары табыс етілді.

«Нұр-Сұлтан қаласына бiрiншi рет келiп отырмын. Əлемдiк деңгейде марафон ɵтедi деген соң бағымды сынайын деп Ташкенттен арнайы келдім. Жүгiру спортымен айналысқаныма бiраз уақыт болды. Бiрақ 1-орын аламын деп ойлаған жоқпын. 35 шақырымға дейiн жеңiл жүгiрiп, қалған 7,2 шақырымда бар күшiмдi салдым», - дейдi ерлер арасында марафон жеңімпазы атанған өзбекстандық Зiкiролла Мамагулов.

Бұған дейін әйелдер арасында дәл осындай 42,2 шақырымдық қашықтықты бағындырған жеңімпаздар туралы хабарлаған болатынбыз. Одан бөлек, «Astana Marathon – 2019» халықаралық марафонында ерлер арасында 10 шақырымның жеңімпаздары туралы айттық.



Соңғы жаңалықтар