«Astana Marathon-2019»: 10 шақырымды межелеген желаяқтар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 24 елдің өкілі қатысқан «Astana Marathon-2019» марафоны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалыс күніне және ауа-райының қолайсыздығына қарамастан марафонға қатысушыларға алғыс білдіремін. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту керектігін баса айтты. Міне бүгінгі халықтың көптеп жиналауы соның көрінісі болып отыр, әсіресе жастардың көптеп қатысуы қуантады. Марафонда ұзақ қашықтықты бағындыруларыңызға тілекшімін», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов марафонның ашылуында.

Алдымен 10 шақырымды бағындырған марафон жеңімпаздары анықталды.

10 шақырымда алдына жан салмаған қостанайлық Татьяна Ярослава 1-орынды жеңiп алды. Ол финишке 35,9 минутта жеттi. Ұйымдастырушылар жеңімпазға 30 мың теңгенiң сертификаты мен ұшақ билетін табыстады. Екінші болып 38,6 минуттық кɵрсеткiшпен Мадина Керiмова жетті және 25 мың теңгенің сертификатына ие болды. 39,20 минут кɵрсеткiшпен Тиісінше үшінші орынға Марина Мотросова тұрақтады. Оның көрсеткіші 39,20 минут. Ол да қола жүлдемен қатар 20 мың теңгенің сыйақысымен марапатталды.

Ал ерлер арасында дәл осы қашықтықта 31,25 минут көрсеткішпен Алексей Гусанов жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Данияр Арманғали иемденді, оның көрсеткіші 32,32 минут. Және қола медальді Александр Сокуров қанжығасына байлады. Ол мәре сызығын 32,5 минутта кесіп өтті. Ерлерге де тиісінше 30, 25 және мың теңгенің ақшалай сыйақылары мен ұшақ билеттері табыс етілді.

Бұған дейін «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.



фото:astana.gov.kz




Соңғы жаңалықтар