«Astana Marathon 2018» жарысында бес мыңға тарта қатысушы бәсекелесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бүгін жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon-2018» жарысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы марафонға 5 мыңға тарта адам қатысты. Айта кетерлігі, қатысқан адамдардың бестен бірі марафонды толық жүгіріп өтті. Бәсекеге қазақстандықтармен бірге Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғыз Республикасы, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Грузия, Люксембург пен Испанияның атлеттері келді. Жарыс жолына шыққан 18 жастан асқан спортшыларға 42,2 және 18 шақырымды (жас айырмашылығы бойынша) бағындыру міндеттелді.
null 

«Біздің клубқа мүше адамдардың бәрі де бүгін жарыс жолына шықты. 10 шақырымды жүгіріп өттік. Осындай ізгі әрі денсаулыққа пайдалы шаралар соңғы жылдары жиі өткізіліп келеді. Біздің бәріміз осы марафонға қатыса отырып, салауатты өмір салтын насихаттағымыз келеді», - дейді Астана әкімдігінің «Жігер» спорт клубы басшысының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов.

Кәсіби спортшылармен бірге бұл марафонға қарапайым адамдар да келіпті. Мәселен, Астана қаласының тұрғыны Мәди Айманбеков осы жарыс алдында біршама дайындалғанын айтады.

«Күнде таңертең жүгіруді әдетіме айналдырғанмын. Марафонның өтетінін біліп, бүгін арнайы жарысқа шықтым. Әлемнің үздік марафоншыларымен бірге бір жолда өнер көрсеткен ерекше әсер сыйлайды екен. Әлбетте, олармен бәсекелесу оңай емес. Орын алмасам да, өз-өзімді жігерлендіре түстім», - дейді қала тұрғыны.

Astana Marathon 2018 бағдары қаланың негізгі айтулы орындарын көрсету үшін арнайы дайындалған. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Хазірет Сұлтан мешіті, Бәйтерек, Назарбаев Университеті мен Астана Аренаны жанай өтіп жүгірді. Дистанцияның әрбір бесінші шақырымында қатысушыларға арналып су берілетін орындар әзірленді.
null null 

Еске сала кетсек, биыл Astana Marathon Халықаралық марафондар және жүгірулер қауымдастығына (AIMS) еніп, Астанадағы жүгіру марафоны Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Bronze Label құрметті сертификатын алуға үміттеніп отыр. Көптеген шетелдік агенттердің Astana Marathon-ды өтетін аумақтағы жердің жазықтығына және климатына байланысты таңдайды, өйткені бұл жағдайлар жүгірушілерге қашықтықты оңай бағындыруға және әлемдік рекордтар орнатуға мүмкіндік береді.

Astana Marathon-ның басталуына негіз болған қайырымдылық жүгірулер 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық қайырымдылық ұйымдарға  жарыстарды өткізуден жинақталған 36 млн теңге қаржы аударылған.

null null 

Соңғы жаңалықтар