Астана марафонында кениялықтар топ жарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана марафон-2017» қайырымдылық спорттық шарасының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марафонға 4,5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында мемлекеттік органдардың басшылары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, сондай-ақ 19 елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей  және т.б.) азаматтары бар. Марафонда ең жас қатысушы 16 жаста, ал ең жасы үлкен спортшы 80-де.




Ұйымдастырушылар спорттық шара жеңімпаздарын марапаттау рәсімін Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалағаннан кейін өткізуді ұсынды.






Сонымен, елордадағы марафонның нәтижесі бойынша, 42,2 шақырымдық жарыста бірінші орын кениялық Саймону Кипругут Кируйге (Simon Kiprugut Kirui), 2-ші орын тағы бір кениялық Генри Кипсангуге (Henry Kipsang) бұйырды, ал 3-ші орын талдықорғандық Алмат Имашев иеленді.

Әйелдер арасында бірінші, екінші және үшінші орындарды Гүлжанат Жанатбек, Ақмарал Мейірман мен Мария Киреева өзара бөлісті. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов желаяқтарға ақшалай сыйлықтар табыс етті.

21,1 шақырымдық жарыста әйелдер арасында Дана Айдосова (бірінші орын), Ольга Богомольская (екінші орын), Алейша Уон (үшінші орын) жеңімпаздар деп танылды. Дәл осы ара қашықтықта ердер арасында Алексей Гусаров (бірінші орын), Құдайберген Зейноллаев (екінші орын), Евгений Медведников (үшінші орын) топ жарды.





10 шақырымдық жарыста ерлер арасында бірінші орыннан Бейбіт Серіков, екінші орыннан Ерасыл Мұқтай , үшінші орыннан  Артём Чижевский көрінді. Әйелдер арасында бірінші, екінші, үшінші орындарды Жақсыгүл Мұсырмау, Евгения Булгакова ижәне Перрин Бера өзара бөліске салды.

Айта кетейік, 42,2 шақырым қашықтыққа астаналық марафон бойынша жүлде қоры бекітілді. Жеңімпаз 850 мың теңге көлемінде ақшалай сыйға және кез келген бағытта әуе билетіне ие болады. Ал екінші орынға - 200 000, үшіншіге - 100 000 теңге берілмек. 21,1 шақырымда  мәре сызығын бірінші болып басқан адамға 60 000 теңге, екіншіге -50 000, үшінші орынға  40 000 теңге табысталады. Бұдан бөлек, 10 шақырымдық қашықтықты бірінші болып еңсергенге 30 000 теңге, екіншіге - 25 000, сондай-ақ үшінші орынды иелеген адамға 20 000 теңге беріледі. 

Соңғы жаңалықтар