Астана маңындағы жасыл желекте мал жайғандар жауапқа тартылуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қараусыз жайылып жүрген малдардың иелеріне әкімшілік хаттамалар толтыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, Есіл аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау полицейлері Ильинка – Қосшы айналма жолына жақын жерден жасыл желек арасында қараусыз жайылып жүрген ауылшаруашылық малдарын анықтаған.

Жүргізілген іс-шара барысында ірі қараның иелері анықталып, оларға әкімшілік сипаттағы жаза қолданылды.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы (Ауылшаруашылық малын жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен бірге, мал иелерімен мәслихат шешімімен бекітілген астана аумағында жануарларды ұстау ережесін сақтау қажеттігі бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деді қалалық Полиция департаментінен.



Соңғы жаңалықтар