Астана маңындағы кенттерге автобус жиі қатынайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы аулыдарға қатынайтын №316 бағдардың жүру кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Жалтыркөл және Жібек Жолы ауылдарының тұрғындары. Сіздер үшін жағымды жаңалықтарымыз бар. №316 бағдардың қозғалыс интервалы бұрынғыдан жиірек болмақ. 

Сағат 15:00-де Астанадан және 17:05-те Жалтыркөлден 2 қосымша рейс қосылды. Сағат 18:00-де Астанадан жүретін автобустың жүру уақыты 20 минутқа жылжыды. Рейс 18:20-да жүретін болады. Аталған жаңа кестемен бағдар 2018 жылдың 17 қарашасынан бастап қатынайды», - делінген Astana LRT Фейсбуктегі парақшасында.
Аймақтық автобустардың жүру кестелерін 109 нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) немесе @astanalrt Инстаграм парақшасынан көруге болады.

Соңғы жаңалықтар