Астана маңындағы елді мекендерге 2019 жылдың соңына дейін толық алфальт төселеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында жаңадан салынып жатқан жол объектілерін аралау барысында  Астана қалалық жолаушылар көлігі және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин 2019 жылдың соңына дейін елорда маңындағы елді мекендерге толықтай асфальт төселетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Астана маңындағы елді мекен тұрғындарына өмір сүру жағдайымен қатар қаламен қарым-қатынас үшін жол салу жұмыстары қарқынды жүруде.

 «Қала маңындағы елді мекендер алыс-жақындығына қарамастан асфальтталған жолмен қамтылуы тиіс. Бұл жоспарды 2019 жылдың аяғына дейін бітіруді көздеп отырмыз. Өткен жылы қала маңындағы Ильинка, Көктал, Оңтүстік-Шығыс аудандарында барлығы 145 көше салынып, пайдалануға берілді», - деді Асхат Қарағойшин.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы тағы 50 көше салынатынын, оның 15-і бітіп, тағы 10 көше салыну үстінде екенін жеткізді.

«Астана іші және маңы бойынша тағы 150 көше асфальтталуы керек, қала әкімі келер жылдың соңына дейін бітіру керектігін тапсырды. Орташа есеппен бір көшенің ұзындығы 400 метрді, ені 7 метрді құрайды, оны салуға 15 күн уақыт жұмсалады. Бір көшенің құны 50 млн теңгені құрайды», - деді басқарма басшысы.  

Соңғы жаңалықтар