Астана маңындағы автожолда 4 адам қаза болды

Фото: Фото: Полиция департаментінің баспасөз қызметі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жол апаты «Алматы-Екатеринбург» автожолында, яғни Целиноград ауданының Арайлы ауылы маңында болған.

«Анықталғандай, «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1223-шақырымында Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Alphard» көлігі мен 42 жастағы астаналық басқарған «Тоyоtа Cаmry» автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында «Toyota Alphard» көлігінде болған төрт жолаушы көз жұмды



. Ал оның жүргізушісі және тағы бір жолаушы Астана қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен («Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу») сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар