Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын 7 автобус бағдары тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 312, 315, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясына сілтеме жасап.

Қазір № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлар бойынша жолаушы тасымалдау жүргізілуде.

Компания, тұрғындарға қатты аязға байланысты барынша сақ болуды, тоңып қалмауды, баратын жерді алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады.

Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан және alrt.kz сайтынан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар