Астана маңында ер адам үйдің төбесінен құлап, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Целиноград ауданының 60 жастағы тұрғыны жазатайым оқиғаның құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 17 маусым күні Целиноград ауданының Максимов ауылында болды. 60 жастағы ер кісі үйдің шатырын жөндеп жатқан кезде абайсызда жерге құлап, мерт болған.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі жазатайым оқиғаның болғанын растап, тиісті сот-медициналық сараптамалардың белгіленгенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар