«Астана» - «Манчестер Юнайтед»: бірінші тайм аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчының бірінші бөлігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана» ФК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қос команда ойынды ширақ бастады. Алдымен лондондық Мэйсон Гринвуд елордалық қақпашы Ненад Эричтің қақпасына алыстан соққы бағыттады. Мұнан соң Англия құрамасының футболшысы Люк Шоу әріптесі Джесси Лингардқа пас берді. Соңғысы қақпаның алыс бұрышына айналдыра соққы жасап, дәлдік танытты. Есеп ашылды. 0:1! Алаң иелері қарымта шабуылға шықты. Қорғаушы Юрий Логвиненко Дорин Ротариуға пас берді. Дориннің соққысы қақпадан қиыс кетті. Бірінші тайм аяқталар тұста Мэйсон Гринвуд есепті еселейтін сәтті мүлт жіберді. Бұл жолы Ненад Эрич жылдамдық танытып, допты қайтарып жіберді.

Осылайша, бірінші тайм 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда L тобында сынға түседі. Қазіргі таңда турнир кестесінде «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен бірінші орында келеді. Ал «Астананың» қоржынында әзірге бірде-бір ұпай жоқ, соңғы орында тұр. Екінші-үшінші орындардағы Голландияның «АЗ Алкмарының» 8, Сербияның «Партизанының» 4 ұпайы бар.

Соңғы жаңалықтар