«Астана» - «Манчестер Юнайтед» билетінің құны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынына билет бағасы қанша болатындығын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасы аясында сербиялық «Партизан», голландық «АЗ» және ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубтарымен жасын алаңда кездеседі. Ойындарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданған. Бірінші санатқа «Манчестер Юнайтед» клубымен еліміздегі ойын кіреді. Бұл ойынды тамашалау бағасы билет санатына байланысты 4 мыңнан басталып, 55 мың теңгеге дейін жетеді.

Екінші санатқа «АЗ» және «Партизан» командаларымен арадағы ойын жатады. Бұл клубтармен тартысты ойынды тамашалау құны 1 500 теңге мен 12 мың теңге аралығында. Әрбір ойынға билеттер матч датасы жақындаған сәтте сатылымға шығарылады.

Ойын билеттерінің бағасы төмендегідей:

«Манчестер Юнайтед» - «Астана» ойыны:

1-санаттағы билет 55 000 теңге;

2-санаттағы билет 40 000 теңге;

3-санаттағы билет 25 000 теңге;

4-санаттағы билет 16 000 теңге;

5-санаттағы билет 11 000 теңге;

6-санаттағы билет 4 000 теңге.

«АЗ», «Партизан» мен «Астана» ойындары:

1-санаттағы билет 12 000 теңге;

2-санаттағы билет 7 000 теңге;

3-санаттағы билет 4 000 теңге;

4-санаттағы билет 3 000 теңге;

5-санаттағы билет 2 000 теңге;

6-санаттағы билет 1 500 теңге.



Соңғы жаңалықтар