«Астана ЛРТ» қаламаңы жолаушыларына ыңғайлы тариф ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап көлік карталарына арналған «Көлік әмияны» мен «Айлық жол жүру» тарифтерінен басқа барлық тарифтік жоспарлар жойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана ЛРТ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлікті пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін 2018 жылғы 16 шілдеден бастап, көлік карталарына арналған «Көлік әмияны» мен «Айлық жол жүру» тарифтерінен басқа, барлық тарифтік жоспарлар жойылады. Бұл шара көлік карталарын толтыру мен пайдалануды жеңілдетуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Ендігі уақытта картаны толтыру кезінде Сіз тарифті таңдамай-ақ, 100 теңгеден 5 000 теңгеге дейін кез келген сомаға картаңызды толтыра аласыз.

«Тариф қалалық, экспресс және қаламаңы сияқты барлық бағдарларда қолданыла береді. 60 минут ішінде бір рет басқа автобусқа ауысып отыру мүмкіндігі сақталады. Қалалықтан қалалыққа, экспрестен экспреске, қала маңы бағдарынан экспресс пен қалалық бағдарларға ауысып отыруға болады. «Қала/Город», Тұлпар/Экспресс», «Аймақ/Пригород І, ІІ, ІІІ, ІV»  тарифтерін жүктеп үлгерген пайдаланушылар көлік карталары бойынша сапарлар саны аяқталғанша, көлік карталарын пайдалана береді», - деп хабарлайды «Астана ЛРТ» баспасөз қызметінен.

«Көлік әмияны» тарифін төлеу кезінде жол жүру құны: дағдылы қалалық бағдарларда - 90 теңге, экспресс-бағдарларда - 180 теңге болмақ.

Ал «айлық жол жүру» тарифінің құны төмендегідей:

ASTRA Қала Айлық/ASTRA Город месячный - 7 500 тг.  (ересек), 1500 тг. (балалар);

ASTRA Қала 3- айлық/АSTRA Город 3-х месячный - 20 000 тг. (ересек), 4000 тг.(балалар);

ASTRA Қала+Аймақ (айлық)/ASTRA Город+Пригород (месячный) -  9500 тг. (ересек), 2000тг. (балалар).

Соңғы жаңалықтар