Астана LRT қала маңына қатынайтын автобустарға қатысты ақпаратты жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана LRT компаниясына елордада қала маңына қатынайтын автобустарға қатысты соңғы ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолының жабылуына байланысты № 317 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қалған қала маңына қатынайтын барлық бағдарлар желіде», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, қаламаңына қатынайтын бірқатар қоғамдық көлік кейбір аялдамаларға кірмейді.

№ 307 бағдары «Алай» базарына кірмей жүреді;
№ 310 бағдары Максимовка ауылы соңғы аялдамасына дейін трасса арқылы қатынайды;
№ 315 бағдары Ижевск ауылына кірмей жүреді;
№ 318 бағдар Шұбар ауылына кірмей жүреді;
№ 326 бағдары Талапкер ауылының соңғы аялдамасына дейін бармай, Эдем аялдамасына дейін жүреді.


Соңғы жаңалықтар