+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

«Астана LRT» ісі: Қаражат жымқыру схемасы анықталды

2019 жылғы 10 қазан 13:19
Бөлісіңіз:
«Астана LRT» ісі:  Қаражат жымқыру схемасы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана LRT» ісі бойынша бірқатар жалған кәсіпорын тергеліп жатыр. Бұл туралы елордадағы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған Тергеу амалдары «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді - агенттік «Astana LRT» ісі бойынша лауазымды күдіктілер анықталды

«Тергеуде бәрі анықталатын болады. Жалған кәсіпорындармен LRT мердігерлік ұйымдары байланысты болған. Тергеуге байланысты олардың қанша болғанын нақты айта алмаймыз. Уақыты келгенде сіздерге барлығын хабарлайтын боламыз», - деді Сергей Перов журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол жалған кәсіпорындар арқылы жобаға бөлінген қаражаттың жымқырылғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, Перов компанияның қашып жүрген бұрынғы басшысына қатысты пікір білдірді.

«Оны халықаралық желі, мемлекетаралық іздеу желісі бойынша іздеп жатырмыз. Тергеу жымқыру фактісі бойынша басталған. Күдікті іздеуде», - деді Сергей Перов.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT