Astana LRT ісі бойынша сотталғандар мемлекетке қанша қаржы қайтарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада Astana LRT қылмыстық ісі бойынша бірнеше айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты. Сонымен қатар сотталушылардың мемлекетке келтірілген шығын бойынша қанша қаржы қайтаратыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекетке қайтарылуы тиіс қаржы көлемімен судья Виктория Семенова таныстырды.

Ачилов, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбеков келтірген материалдық залал үшін мемлекет пайдасына 728 миллион 806 мың 747 теңге қайтарылып, 21 миллион 864 мың 202 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріп алынсын.

Материалдық залалды өтеу мақсатында мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әбдіхамитов, Ардан, Сұлтанбековтен бюджетке 1 миллиард 736 миллион 915 мың 564 теңге қайтарылып, 52 миллион 107 мың 467 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынсын.

Қасабаевтан мемлекет пайдасына бюджетке 2 миллион 471 мың 428 теңге қайтарылып, 74 мың 143 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілсін.

Мемлекет пайдасына Қасабаевтан 20 миллион 583 мың 333 теңге қайтаралып, 617 мың 500 теңге көлемінде мемлекеттік баж өтелсін.

Материалдық залалды өтеу үшін Мүсеновтен мемлекет пайдасына бюджетке 13 миллион 333 мың 333 теңге қайтарылып, 400 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынсын.

Әбдіхамитовтан мемлекет пайдасына 204 миллион 651 мың 785 теңге қайтарылып, 6 миллион 139 мың 554 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өтелсін.

Материалдық залалды өтеу бойынша мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Әшім, Ардан, Сұлтанбековтен 1 миллиард 133 миллион 283 мың 923 теңге қайтарылып, 33 миллион 998 мың 518 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіріп алынсын.

Материалдық залалды өтеу үшін Мүсеновтен мемлекет пайдасына бюджетке 25 миллион 947 мың 119 теңге қайтарылып, 778 мың 314 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілсін.

Материалдық залалды өтеу бойынша мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Әшім, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбековтен бюджетке 1 миллиард 276 миллион 414 мың 931 теңге қайтарылып, 38 миллион 292 мың 448 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынсын.

Материалдық зиянды өтеуде мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Әшім, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбеков 82 миллион 626 мың 540 теңге қайтарылып, 2 миллион 478 мың 796 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығы өндіріп алынсын.

Материалдық зиянды өтеу үшін мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Әшім, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбеков 333 миллион 500 мың теңге және 10 миллион 5 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілсін.

Материалдық зиянды өтеуді мемлекет пайдасына Аманжолов, Нұрпейісов, Ачилов, Әшім, Әбдіхамитов, Ардан және Сұлтанбеков 207 миллион 761 мың 125 теңгені қайтарып, 6 миллион 232 мың 834 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын ынтымақты тәртіппен өндіріп алу керек.

«Сотталғандарға азаматтық талап қою бөлігінде үкімді ерікті түрде орындау үшін 30 тәулік белгіленді», - деп толықтырды судья.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Astana LRT қылмыстық ісі бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков 7 жылға сотталды.


Соңғы жаңалықтар