+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

«Astana LRT» ісі бойынша лауазымды күдіктілер анықталды

2019 жылғы 10 қазан 12:57
Бөлісіңіз:
«Astana LRT» ісі бойынша лауазымды күдіктілер анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тергеу тобы «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаржы министрлігі Астана LRT-ның қаржылық есептеріне қатыспаған «Астана LRT» ісі: Қаражат жымқыру схемасы анықталды Тергеу амалдары «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді - агенттік

«Тергеу «Astana LRT» ісі бойынша күдікті ретіндегі лауазымды адамдарды анықтады. Олар елорда әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС-ның, мердігерлік ұйым басшылары мен жобаның жүзеге асуына қатысты адамдар», - деді Сергей Перов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта істің мән-жайын тезірек анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз әкімдік пен ЖШС қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Нақты шеңберді айқындап, айтып бере алмаймын. Бірақ барлық адамдар анықталу үстінде. Оның ішінде әкімдіктің басшылық құрамы да бар. 10-нан астам адам тексерілуде. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біз Астана LRT қызметіне қатысты құжаттарға қолдың қойылуымен байланысты адамдардың айналасын анықтадық. Әр адамның жауапкершілік деңгейін анықтаймыз», - деп толықтырды Сергей Перов.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT