«Астана LRT» бойынша іс сотқа жолданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана LRT» компаниясы бойынша іс сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Сотқа 7 адам берілді. Қ.Сұлтанбеков және Т. Ардан «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде», - деді ол онлайн брифингте.
Әр айыпталушының кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.
«ҚР ҚПК 201- бабының тәртібімен және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - дейді Данияр Бекайдаров.
- Жемқорлықты қабылдау индексі: Қазақстан алғаш рет 19 позиция жоғары көтерілді
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпараттық-ағарту штабының жылдық жұмысы қорытындыланды
- Жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлері 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды
- Шымкентте сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы он жылға сотталды
-
Елорда дәріханаларында препараттың шекті бағасын көрсететін QR-код орнатылды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам