«Астана LRT» автобустардың кідіруі себептерін түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Асқар Атагулин «ҚазАқпарат» тілшісіне аптаның басынан бері елордада автобустардың кідіруі себептерін айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, мәселенің мәнісі  23 қазаннан бері іске қосылған автобустардың жаңа кестесіне байланысты болып отыр.

«Біз белгілі бір бағдарлар үшін жаңа кестені бекіттік. Шын мәнінде бағдарлар бойынша автобустардың жолға шығуы арта түсті, алайда кейбір жүргізушілер енгізілген жаңашылдыққа бейімделіп үлгерген жоқ. Біреуі ескі кестемен жүрсе, екіншісі жаңа кестемен қозғалды»,-деп түсіндірді ол.

Департамент басшысы жоспарда автобустардың аялдамаға келуінің уақыт аралығы қысқара түскенін жеткізді.

«Сондықтан да аталған кесте тестілік режімде іске қосылғанын атап өткен жөн. Бұл жаңа кесте бағдарлардың көбіне енгізілген болатын. Автобустардың келуі арасында уақыт аралығы қысқара түсті. Бірақ та кестеге бейімделу кезеңінде қандай да бір іркілістер болатыны анық» ,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар