Astana LRT автобуста қалып қойған заттарды қайтарып беруді жолға қоймақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana LRT жолаушылардың автобуста қалып қойған заттарын қайтарып беруді жолға қоймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлікте жолаушылар заттарын, құжаттарын жоғалтып алып жатады. Егер де қоғамдық көлікте құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз, бізге Instagramm немесе Faceebok желісі арқылы хабарлама қалдырып, құжатыңызды қайтарып алуыңызға болады», делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше, қыркүйек айында автопарк диспетчерлеріне көлікте ұмыт қалған көптеген құжаттар тапсырылған. Олардың арасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, зейнетақы кітапшалары, әскери куәлік сондай-ақ кеңсеге кіруге рұқсат беретін құжаттар бар. 

null 

Соңғы жаңалықтар