«Astana LRT»: Автобус қозғалысында қауіп тудыратындарға жазаны күшейту керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Astana LRT» ЖШС-да №53 бағдардағы автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автобустарға қатысты жол-көлік оқиғалары елордада орын алып тұрады және олар ауа райына байланысты. Күніне орташа есеппен 2-3 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Оның 75 пайызында автобус жүргізушілері кінәлі болмайды, яғни жеңіл көлік жүргізушілері тарапынан автобус жолын оқыстан қиып өту секілді жағдайлар жиі кездеседі», - деді Б. Сеитов.

Жеңіл көлік жүргізушілері апатты жағдай тудырғандықтан, автобус салонындағы жолаушылардың құлауы секілді оқиғалар орын алады.

«Astana LRT» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, бүгінде қоғамдық көлікке қатысты кез келген апаттарға айыппұл көлемін арттыру қажеттігі бар. Бұл ретте автобустың қозғалысы кезінде жол ережесін өрескел бұзатын жеңіл көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершілікті арттыру керек. Өйткені жолда қоғамдық көлік басымдыққа ие болуы тиіс.

«Автобус 100-ге тарта адамды тасымалдайды, сәйкесінше, қауіптілік жағдайы айтарлықтай жоғары», - деді Бауыржан Сеитов.


Соңғы жаңалықтар