Astana LRT атауының өзгеруі: Халық көлік картасын қайта сатып алуы керек пе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Astana LRT» ЖШС атауының City transportation systems, яғни CTS болып өзгеруіне байланысты қала тұрғындары көлік картасын қайта сатып алуға міндеттеле ме? Компания басшылығы осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, біз компаниямызға ребрендинг жасап жатырмыз. Тілшілер тарапынан «ребрендинг компанияға қаншаға түсті» деген сұрақ түсіп жатыр. Әлбетте, біздің компания өз-өзін қаржыландырады, бюджеттен ақша алмайды. Ребрендинг те шығын келтіріп жатқан жоқ. Бұл – компанияның қажеттілігі. Мысалы компанияның жаңа логотипін дайындауға бар-жоғы 100 мың теңге кетті», - дейді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша, халық көлік картасын қайта сатып алуға міндетті емес.

Еске сала кетсек бұған дейін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергенін хабарлаған еді.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.


Соңғы жаңалықтар