Astana LRT: Астана маңына қатынайтын автобустарға шектеу енгізілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың маңындағы елді мекенге қатынайтын қоғамдық автобустардың қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл жайында Astana LRT компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа-райының нашарлауына байланысты барынша абайы болуларыңызды және сапарларыңызды алдын ала ойластырып, мүмкіндігінше кеш қалып қоймауларыңызды сұраймыз. Мектеп оқушыларының ата-аналарын балаларыңыздың оқу орындарынан үйлеріне уақытында оралуына мұқият болуларыңызды өтінеміз. Сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қаламаңы бағдарлардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін», - деп атап өтеді компаниядан.

Таратылған мәліметке сай автобус бағдарлардың жүру кестесіндегі өзгерістер туралы хабарламалар Астана LRT ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Соңғы жаңалықтар