«Астана» Қытайдың сегіз мәрте чемпионына жауапсыз 6 гол соқты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» БАӘ-де өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарындағы жолдастық кездесуде Қытайдың «Ляонин Хувин» командасымен ойнады, деп жазады Sports.kz.

Қытайдың Суперлигасында өнер көрсететін «Ляонин Хувин» өз елдерінің сегіз мәрте чемпионы және Азия Чемпиондар Лигасының жеңімпазы болып саналады.

«Астана» клубының құрамында ойнағандар: Эрич, Малый, Постников, Бейсебеков, Зайнутдинов, Кляйнхайслер, Станоевич, Мартузаев, Мұжықов, Перцух, Щеткин.

 Ойын бастала салысымен шабуылға шыққан Станимир Стоиловтың командасы тек 33 минутта есеп ашты. Гол авторы - Юрий Перцух. Одан кейін Бақтияр Зайнутдинов, Алексей Щеткин және Роман Муртазаев қатарынан гол соқты. Бірінші тайм 4:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда астаналықтар ойыншылар құрамын өзгертті. Тартысты өткен екінші таймда Джордже Деспотовичпен Марин Томасовтың авторлығымен екі гол соғылды.

«Астана» осы жиында «Спартак» (3:2), «Краснодар» (3:1) көрсеткіштерімен жеңіске жетсе, словениялық «Жилина» клубынан (0:1), Шведтің «Хеккен» командасынан (0:2) есебімен жеңіліп қалды. Енді астаналықтарды 8 ақпанда қытайлық «Шаньдун Лунэн Тайшан» клубымен болатын кездесу күтіп тұр. Бұдан кейін «Астана» елге оралып өз алаңында португалдық «Спортингті» қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар