«Астана» құрамына жаңа екі футболшы қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» жаңа футболшылармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда басшылығы армениялық Тигран Барсегян және беларусьтік Максим Эбонгпен келісім-шартқа отырды.

Қазақстандық жанкүйерлер Тигран Барсегянды былтыр Қызылорданың «Қайсар» командасында ойнаған кезінен жақсы таныс. Өткен жылы ол қызылордалық клубтың Қазақстан кубогына ие болуына үлкен сіңірді.

Ол қызылордалық клубтан бөлек Арменияның «Бананц», «Гандзасар», «Мика», Македонияның «Вардар» командаларында ойын көрсеткен.

Т. Барсегян Армения құрамасы сапында 28 ойында қарсыластар қақпасына 5 гол соққан. Елордалық клуб жартылай қорғаушымен екі жылға келісім-шартқа қол қойды.

М. Эбонг футболдағы алғашқы қадамын 2018 жылдың 11 наурызында Беларусьтің «Шахтер» (Солигорск) командасында бастаған. Сол елдің ұлттық құрамасы сапында Уэльс пен Нидерландыға қарсы екі ойын өткізді. Ал Беларусь жастар құрамасында 9 ойында 1 голдың авторы атанды.

Сондай-ақ, биыл «Астана» командасының бас бапкері қызметіне чех маманы Михал Билек келді.



Соңғы жаңалықтар