Астана күніне орай Алматыда концерттік іс-шаралар өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана күніне орай Алматының түрлі аудандарында концерттер мен бұқаралық ойын-сауық іс-шаралары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық әкімідіктің мәліметінше, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 12.00-де қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Бағдарламаға балалардың белсенділігі мен конкурстар кіреді.

Шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер келесі орындарда өтеді:

• 12.00 – Түрксіб ауданында – Сауранбаев және Спартак көшелерінің қиылысында;

• 15.00 – Сейфуллин көшесіндегі Mega Park сауда-ойын-сауық орталығының жанында;

• 18.00 – Шұғыла, 347 мекенжайдағы Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы алаңда.

Сағат 20.00-де Республика сарайының жанындағы Абай алаңында «101» тобы, Парвиз Назаров, «Кешью» тобы, «Үркер» тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және т.б. эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында үлкен концерт өтеді.

Еске салайық, бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елорда күнін тойлауға қатысты «Біз бір адамның туған күнін емес, астана күнін тойлаймыз», - деген пікір айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар