+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Астана күнінде Жаңқош Тұраров рингке шығады

2019 жылғы 4 шілде 14:54
Бөлісіңіз:
Астана күнінде Жаңқош Тұраров рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесіне орай «Барыс аренада» бокс кеші өтеді. Айтулы кеште Жаңқош Тұраров ұзақ үзілістен кейін алғаш рет шаршы алаңға шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте Жаңқош Тұраров өз дайындығы туралы айтты.

«Бір жарым жылдай үзіліс жасағанымды білесіздер. Дегенмен, жаттығуды үзген кезім жоқ. Өзімнің ең алғашқы жаттықтырушым Сағатбек Мұсаханов ағаммен дайындалып жатырмын. Спорттық бабыма келдім десем болады.Сондықтан, бұл жекпе-жек жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Намысты қолдан бермеймін. Елдің туын тағы жоғары көтеремін», - деді кәсіби боксшы Жаңқош Тұраров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Тұраровпен бірге жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали мен Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық жұлдыздар да өз жекпе-жегін өткізеді.

Сонымен қатар, Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілхаир Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш те елорда төрінде бақ сынамақ.

Аталмыш бокс кешінен әйгілі ESPN студиясы АҚШ, Канада және Пуэрто-Рико елдеріндегі 100 миллионнан астам аудиторияға көрсетілім ұсынбақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT