Астана күнінде 38 градусқа дейін ыстық болады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 2018 жылдың 5-8 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыстағы аптап ыстыққа байланысты антициклон жылжиды. Сондықтан, алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс өңірінде ауа райы ыстық, жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы плюс 30...38°С дейін, орталық және орталық-шығыс облыстарда плюс 40...43°С дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.  

Ал, батыс облыстарға атмосфералық ауа ағындары жылжып, кей жерлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғады және өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30...36°С дейін, Маңғыстау облысында 40 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар